Бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық семинар-практикумы өткізілді.
2017 жылдың 27 қаңтар күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық семинар-практикумы өткізілді. Семинар - практикумның тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа бағдарлану.
Семинар практикумның өткізілу мақсаты:Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында облыс мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу ортасын құру.
Күтілетін нәтиже: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануы бойынша мұғалімдер өзара тәжірибе алмасады, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етеді.
Семинар практикумның ашылуында, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы - Усерова Шахризада Асылбекқызына сөз берілді. «Оқу мен оқушы» тақырыбында постер-сессия өткізілді. Постер-сессияда оқушылар өздерінің пәнге байланысты жасаған постерлерін қорғады. Одан кейінЖаңартылған білім мазмұны негізінде бірінші сыныптармен ашық сабақтар жалғасын тапты. Онда, «П дыбысы мен әрпі» пәні: сауат ашу, 1 «А» сыныбы бастауыш сынып пәні мұғалімі: Рыспанбетова Лаззат Усеновна, «Теңдік және теңсіздік» пәні: математика, 1 «Ә» сыныбы бастауыш сынып пәні мұғалімі: Жамалова Айзада Камалдиновна, «Нәтиже сабақ» пәні: математика, ағылшын тілі , 1 «Б» сыныбы бастауыш сынып пәні мұғалімі: Құрамысова Құралай Нақысбекқызы Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Серкебекова Эльвира Мейрамбековна, «Нәтиже сабақ» пәні: сауат ашу, орыс тілі, 1 «В» сыныбы бастауыш сынып пәні мұғалімі: Көшкінбаева Шолпан Жексенбековна Орыс тілі пәні мұғалімі: Садуова Зауреш Сапарбековна интегралды сабақ өткізді.
«Ағылшын тілін үйретуде белсенді әдістерді қалай қолдануға болады?» тақырыбында, ағылшын тілі пәні мұғалімі: Балкенова Айжан Арыстановнамұғалімдермен коучинг өткізді.Қорытындылау кезеңінде : «Біз балалардан нені күтеміз және балалар бізден нені күтеді: болашақтан көзқарас»тақырыбында панельдік талқылауды, бастауыш сынып пәні мұғалімі: Султекенова Алтынгуль Кариевна жүргізді. Панельдік талқылауға Кушерова Жанна Еспалаевна Жамбыл облыстық білім басқармасының
оқу-әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып әдіскері, Абдимоминов АбдикаримАбдукаимұлы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, Усерова Шахризада Асылбекқызы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, Кохаева Есенкүл Нокрабековна Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының директоры, Альтаева ШакизатҚұдайбергеновна, Нарегеева Агура Маарбановна Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренерлері қатысып, сұрақтарға жауап берді.
