Мектеп телофондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » «Ұлы педагогтың шығармашылығы» танымдық сағаты

«Ұлы педагогтың шығармашылығы» танымдық сағаты

20 сәуір 2021, Сейсенбі
120
0
Ы.Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай 9-11 cыныптар аралығында өткізілген «Ұлы педагогтың шығармашылығы» танымдық сағатында аса көрнекті ағартушы, қазақтың тұңғыш мектеп ашқан ұстаз, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин өміріне хронологиялық шолу жасалып, шығармаларын (өлең, әңгімелері) талдай отырып, қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі баяндалды.Танымдық сағатында, оқушылар, ұлы педагог өмірі мен шығармаларынан білетін мәліметтерді ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. «Қазақ хрестоматиясын» құрастырып, тек ұлдар ғана емес, қыздардың сауатын ашуға атсалысқаны, қараңғы қазақтың сауатсыздығын жойып, оқыған азаматтар даярлауда аянбай еңбек еткен ағартушы шығармаларының, оқу-білім, адамгершілік, қанағатшылдық, сабырлық, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін шығармаларының бала тәрбиесіне ықпалы зор екені баса айтылып, түсіндірілді. Балалардың   оқу-білім алуына орыстың ақын-жазушыларының  шығармаларын, мысал аудармаларын пайдаланып, Торғайда, Ырғызда мектеп ашып, сауатсыздықты жою үшін  Ыбырай Алтынсариннің аянбай еңбектенгені айтылды.










8Нуралы Абдурасулов, Кожахметова Замира и ещё 6
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі