Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Серіктес мектептермен "Taglym" кәсіби қоғамдастығы

Серіктес мектептермен "Taglym" кәсіби қоғамдастығы

19 қазан 2020, Дүйсенбі
325
0

        «Lesson study» үдерісі  барысындағы зерттеу сабақтарынан кейінгі ой -толғаныс

Lesson study үдерісі —  оқытуды жақсартудың тиімді тәсілі болғандықтан, мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуда қандай тиімді  әдіс-тәслдер арқылы белсенділігін арттыруға болатындығы  туралы проблемалық тақырыптармен жұмыс істеуімізге түрткі болып отыр. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың  басым бөлігі сабақтарда енжарлық танытып немесе сабаққа қатысып отырса да  сабақ барысында белсенділігінің төмендіктері байқалды. Демек, қашықтықтан оқытуда да балалардыңоқудағы белсенділігін арттыруымыз керек. Оның бірден -бір жолы мектептегі зерттеу сабақтарына көп көңіл бөлу қажеттілігін туындатып отыр.

Мен ,бұл үдерісті «Lesson study» тәсілі арқылы жүргізуге болады деп ойлаймын. Сондықтан, 2020 -2021 оқу жылы қарсаңында оқу орынбасарлары мен бөлінген көшбасшылықтағы ұстаздармен пікірлесе отырып, орта буынның 6,8 сынып оқушыларының оқуға деген белсенділігі, білуге деген қызығушылығы, танымдық ұмтылысы сияқты үдерістегі жалпы сипаттамалық проблемаларымен таныстық. Мұғалімдер пікірі, әсіресе осы сыныптарға сабақ беретін балалардың оқу жылы басында сабақтағы бәсеңдігін, өз ойларын жеткізудегі қиналыстарын айтты. Қорытындысында6,8 сынып оқушыларын бақылауға алу ұсыныстары қабылданды. Біз, «Lesson study» үдерісін жүргізу үшін Ы.Алтынсарин о/м, Түймекент о/м және Бурыл  орта мектептерімен бірлескен зерттеу жұмысын жүргізуді жоспарладық. Сондай-ақ әр меткептенбес адамнан тұратын сарапшылар жұмыс тобын құрып, зерттеу сыныбы ретінде алынған 6,8 сыныбының оқытудағы кедергілерін талқыладық. Сөйтіп, Lesson study үдерісінің «Қашықтықтан оқытуда қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады? „ атты проблемалық тақырыбын белгіледік. 

Сонымен, 6 –сыныптармен аталған мектептерде негізгі пәндер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, ал 8- сыныптар бойынша жаратылысану бағытындағыалгебра, физика, химия   пәндері бойынша Lesson study үдерісіндегі пәндер болып белгіленді.  Аталған екі бағыттағы пәндерді  алудағы себеп , бұл пәндер пәнаралық байланысқа көп түсетін пәндер әрі келесі сыныптарға көшкенде қосылатын жаратылыстану бағытындағы кейбір пәндерге негіз бола алатындықтан, таңдалынып алынып отыр.

Lesson study үдерісінің жоспары бойынша ‚Lesson study — сабақтарда іс-әрекетті зерттеудің негізгі формасы‘ тақырыбында жүргізіліп, зерттеу сабағын өткізетін пән мұғалімдері және әр мектептерден ішкі сарапшылары  белгіленді.

Жалпы, үдеріс 3 кезеңге негізделіп жасалды. Бірінші, теориялық кезеңде зерттеу сабағының өткізілу барысымектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Ақшаеваның Lesson study үдерісін түсіндіруі болды.Сондықтан, бұл айналмалы кезеңдердің бірінші теориялық кезеңінде Lesson study үдерісі туралы жалпы мәліметтер мен үдерістің мақсат –міндеттері таныстырылды. Осыдан кейін, мұғалімдер сабақ жоспарларын ортаға салды. Проблемалық тақырып:“Қашықтықтан оқытуда қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады?» төңірегінде болғандықтан, «ҚО қандай тәсілді қолану тиімді?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғалды. Қашықтықтан оқытуда үш ұстанымға көңіл бөлетініміз туралы ортақ шешімге келдік. Бірінші, балалардың танымдық белсенділігіне, екінші, психологиялық көңіл –күй әсеріне және үшінші, қызығушылықтарына мән беру керек болды.

Екінші, практикалық кезеңде сабақтар жүргізілді. І кезең сабақтан кейінгі талқылау кезеңінде қашықтықтан оқытуда анықталған кедергілерді зерделей отырып, ішкі сарапшылар тарапынан  жаңа сабаққа ұсынымдар беріледі.  Мұғалімдердің көпшілігі  қашықтықтан оқытудың түрлі платформаларында сабақ өткізді «Дарын онлайн», «Zoom»  және «WhatsApp»   мессенджері арқылы

Сарапшылар тобы сыныптағы «а», «в», «с» деңгейлеріндегі оқушылардың сабақтағы іс –әрекетін бақылауға алды. Мұндағы басты мақсат аталған деңгейдегі оқушылардың оқудағы үлгерімі мен кедергілерін анықтап, одан шығудың жолдарын қарастыру және пән мұғаліміне оқытуды жақсартудың тиімді жолдарынан ұсынымдар жасау болатын.

Алғашқы сабақтарда-ақсабақ барысында зерделеніп отырған оқушылардың  басым бөлігінің белсенділіктерінің төмендігі байқалды. Оның түрлі себептері деп мұғалімнің  сабақ құрылымын дұрыс жоспарламауы, оқу мақсаттарына негізделген бағалау критерийлерінің нақты болмауы және бағалау критерийлеріне негізделген әдістердің сай келмеуі сондай-ақ саралау тапсырмаларының  болмауы оқушылардың белсенділігіне кері әсері болды деген тұжырым жасай отырып, ІІ кезеңде өткізілетін сабақтарына сарапшылар  тарапынан ұсынымдар жасалды. 



Пән мұғалімдерінің кезекті ІІ кезеңдегі өтетін сабақтарына жақсарту ұсынымдары жасалғаннан кейін жоспарланған уақыт бойынша екі бағыттағы сабақтар  алынған сыныптарда жүргізіліп отырды. 




ІІ кезеңдегі сабақтардан кейін де сабақ өткізген пән мұғалімдері мен сарапшы топтармен кезекті «Zoom» платформасында  өтілген сабақтарды талқылау жиыны өткізілді.   Сарапшылардың бақылау сабақтары бойынша алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылардың белсенділігінің біршама артқандығын айтты. Атап айтар болсақ Сарыкемер мектеп-гимназиясындағы 6-сынып оқушысының «В» деңгейден «А» деңгейіне лайық екендігін және оқушы мүмкіндіктерін біраз сарапшылар атап өтті.  Сондай-ақ барлық мектептердегі «С» деңгейіндегі оқушысын әлі де оқудағы белсенділігін арттыруға мән беру керектігі ескертілді. Пән мұғалімдерінің кезекті сабақтарының жоспарлауына ұсынымдар жасау барысында оқушыларды  қашықтықтан оқытуда да топтық жұмыстарды ұйымдастыруды ұсынды.  Сабақтың өн бойы бағалаудан тұруға тиіс екендігін айта отырып, нақты бағалау критерийлері құрылып , бағалау критерийлері оқушыларғатүсінікті,  анық  болуына ұсынымдар жасады. 


Кезекті ІІІ кезеңде мұғалімдер сабақ өткізді. Мұғалімдердің көпшілігі  жасалған ұсынымдар бойынша оқушыларды барынша топтық жұмыс жасауға тартып отырды. Сабақ барысындағы әрбір тиімді тәсілді қолдануда нақты бағалау критерийін ұсынып отырды.Нәтижесінде алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылардың белсенділіктерінің артқандықтары байқалды.  Әсіресе «С» деңгейіндегі оқушының  сабақтарда берген жауаптары қуантарлық нәтиже болды.  



Қашықтықтан өткізілген сабақтарда  ІІІ кезеңдегі Lesson study үдерісі  барысындағы «А», «В», «С»

деңгейіндегі оқушыларды зерттеу барысында біз ішкі сарапшылар тобы оқу үдерісінде оқу мен оқытуды зерттеу арқылы қандай тиімді тәсілдер арқылы оқушы белсенділігін шынайы арттыра алатындығымызға көз жеткіздік. ҚО оқушының енжарлығы сабақтарда белсенді болмауы немесе өзінің пікірін жүйелей алмауы т.с кедергілері анықталды. Lesson study үдерісі арқылы бұл қателіктерді түзеуге мол мүмкіндіктер болды. Оқушы үні –ол ертеңгі жеке тұлға беретін білімнің сапасы. Сондықтан, оқу мен оқытуды бақылау оқушының іс –әрекетін бақылаумен өлшенгені көбірек табысқа жетелемек. Мектеп мұғалімдеріоқытуды жақсартуда Lesson study тәсілін пайдалану арқылы өздерінің көптеген кедергілеріне назар аудара алды. Мұндағы басты проблемалар оқытудағы белсенді әдістерге  қатысты туындап отырды. Ендеше, бізге Lesson study тәсілі нені үйретті? Нені талап етеді? Біздің оқыту мен оқуды жақсарту  
жолындағы кемшілігіміз 
неде? Әрине,осы сұрақтарға жауапты осы үдерістен таптық. 


«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» — деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай,қашықтықтан оқытуда зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Дегенмен де әлі жетілдіретін тұстары болды.             

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмағандығы белгілі. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне тағы да көз жеткіздік. Оқушысабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік

скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі