Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Сан-математика ғылымының іргетасы

Сан-математика ғылымының іргетасы

03 ақпан 2018, Сенбі
991
0
Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді.«Сан-математика ғылымының іргетасы» деп Орынбек Жәутіков айтқандай, яғни математиканың тілі ол сандар. Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік,сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз, сондықтан, сандарды ойлап табу қажет болды. Аса ұлы математик болып саналатын Карл Гаусс үш жасар кезінде әкесінің есептеулерін түзеткен «Арифметика-құдайдың туындысы» деген ол оқушы кезінде-ақ тізбекті сандарды тез қосудың бірегей тәсілін ашқан. Адамдар санай бастаған кезде, сірә санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болу керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, олармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған. Сен бірдеңені санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан есептен жаңылмайсың. Саусақтарыңа қарап, оларды атамастан көз алдыңа елестете аласың, саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне заманнан бері бар. «diqit» - «сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді.Оқушыларды математика саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, математиканың адам өміріндегі рөлін ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясында танымдық бағыттағы деректі фильмдер көрсетілуде. Математика пəнінің мұғалімі Аразкулова Тұрсынкүл "Эйнштейн ізімен" тақырыбында Мұхтарбай Өтелбаевтың еңбегімен таныстырып, мектеп оқушыларына сын тұрғысынан ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге ықпал етті.скачать dle 12.1
Талқылау

Оқи отырыңыз:

Тілдердің үштұғырлығы
06 ақпан 2018, Сейсенбі
Тілдердің үштұғырлығы
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі
12 ақпан 2018, Дүйсенбі
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі
"Алғыс айту" күні
01 наурыз 2018, Бейсенбі
"Алғыс айту" күні
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
13 наурыз 2018, Сейсенбі
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі