Директор блогы

Куатова Асель Бериковна
Гимназия-тірек мектебі директоры
11 қазан 2024 жыл
Тегі, аты, әкесінің аты | Куатова Асель Бериковна | |
Туған жылы, туған жері | 02.02.1984 ж. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы | |
Ұлты | Қазақ | |
Білімі | Жоғары. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2005 ж. Педагог-психолог. | |
Біліктілік санаты | І санат Педагог-сарапшы | |
Еңбек өтілі | Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл Пед.еңбек өтілі: 20 жыл | |
Жұмыс тәжірибесі | 2005-2008 жж. Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында педагог-психолог, 12 жылдық білім беруге көшу бойынша эксперимент алаңының жетекшісі; 2008-2010 жж. Байзақ ауданы Н.К.Киікбаев атындағы орта мектепте педагог-ұйымдастырушы; 2010-2016 жж. Байзақ ауданы, Н.К.Киікбаев атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2016-2024 жж. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары; 2024 жылдың 11-қазанынан Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры | |
Біліктілікті арттыру | 1.ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсы, ПШО, 2016 ж. 2. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы, ПШО, 2017 ж. 3.Қашықтықтан оқытуды үйренемін курсы, ПШО, 2020 ж. 4. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» білім беру бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерінің курсы, ПШО, 2020 ж. 5.Педагогтердің цифрлық құзырлылығын дамыту курсы, «Өрлеу» БАҰО, 2021 ж. 6.Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент курсы, «Өрлеу» БАҰО, 2022 ж. 7.Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі курсы, ПШО, 2022 ж. 8. «Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас» (базалық, ілгері, кәсіби деңгей), ПШО, 2024 ж. | |
Жетістіктері |
| |
Марапаттары |
| |
Тіл білуі |
| |
Жалпы дағдылары | Командамен жұмыс, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілет. Компьютермен жетік жұмыс жасау. Microsoft Office (Word, Excel, Power Point, Publisher) бағдарламасында, интернет сайттарымен, әлеуметтік парақшалармен еркін жұмыс жасау. | |
Отбасылық жағдайы | Тұрмыс құрған. 3 ұлдың анасы. | |
Қосымша ақпарат |
| |
Есентаева Гүлмира Ауесбайқызы
Мектеп-гимназия директоры
19 сәуір 2018 жыл
| |||||||||||||||||||||||||||||||||

Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы
(2012-2018 оқу жылдары мектепті басқарған)
Ізденушілік – мұғалімдер тәжірибесін шыңдайды, ал тәжірибе жетілуді қалайды.Демек, табысты мұғалім – тәжірибені шығармашылықтың негізінде өңдей алатын тұлға болуы керек. Қазіргі таңда, мектеп оқушыларын уақыт
талабына сай оқыту үлкен мәселеге айналған. Бұл мәселенің шешімі – ұстаз ұстанамын заманауи қалыпқа өзгертуге әкеліп отыр.
Ендеше, мектеп директоры оқу-тәрбие үдерісін жаңаша форматтағы мектепке лайық өзгеруінің көшбасшысы болуы тиіс.
Мұғалім мен мектеп директорының арасындағы кәсіби
сабақтастық болғанда ғана табысты оқытудың оң бағасы
алынады деп ойлаймын.
І. Мектеп директорының кәсіби өсу тәжірибесі:
Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы 2012 жылдың 28 тамызынан Байзақ ауданы білім бөлімінің № 206. 28.08.2012 ж. күнгі тағайындау бұйрығы негізінде Сарыкемер орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. 2013-2014 оқу жылында Астана қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында мектеп басшыларына арналған деңгейлік бағдарламалар негізінде 9 айлық курс және 2017 жылы Тараз қаласы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларына арналған жаңа мазмұнды білім берудің курсы бойынша білімін жетілдірді.
ІІ. Мектеп директорының кәсіби шеберлік құзыреті:
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта білім беру мекемелеріне трансляциялау;
- Оқу сапасын арттыру мен тәрбие үрдісін жақсартудың стратегиялық жоспарларын құрастыру;
- Мектептің жаңа мазмұнды оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру;
- Мектептің оқу-әдістемелік кешенін дайындау, қысқа және ұзақ мерзімді даму жоспарларын жасауды тиімді ұйымдастыру, жүзеге асыру;
- Педагогикалық қызметкерлермен тренинг, коучинг және тәжірибелік семинарлар жоспарлау, өткізу, талдау, есеп дайындау.
ІІІ. Мектеп директорының кәсіби жетістіктері:
- 2016 жылы Павлодар қаласы, басқару менеджменті бағытында республикалық педагогикалық оқулар байқауында ІІІ орын;
-2017 жылы облыстық «Үздік директор -2017» байқауында бас жүлде.
-Білім беру ұйымы басшыларының "Табысты менеджер -2017" І Республикалық байқауының "Жалпы білім беретін мектептің табысты
менеджері" номинациясы бойынша ІІ орын
