Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03

Біз туралы

Мектептің толық атауы: Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі Сарыкемер мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мектептің ашылуы салтанаты. 1 қырқүйек 2012 жыл


Сарыкемер орта мектебі 1 қыркүйек 2012 жылы ашылды. Мектеп директоры Наметқұлов Мухит Жанұзақұлы жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Ашылған жылы мектеп бір ауысымда оқыды. 27.09.2016  жылы Жамбыл облысы  Байзақ ауданы әкімінің  қаулысымен Сарыкемер мектебі Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі Сарыкемер мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 


Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 

«Сарыкемер мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аннотациясы

·Мектеп түрі:          Жалпы орта мектеп, типтік

·Мектепті пайдалануға берілген жылы:    2012 жыл

·Мекен жайы:         Байзақ ауданы  Сарыкемер ауылы Мәмбет  батыр көшесі, №27 «А»

·Тіркеу туралы куәлік:     «21» тамыз 2012 жыл бизнес      

сәйкестендіру нөмірі: 120840012630       

Тіркеу нөмірі: 378-1919-09-ММ

·Қайта тіркеу туралы куәлік: «17» қазан 2016 жыл бизнес      

сәйкестендіру нөмірі: 120840012630       

Тіркеу нөмірі: 378-1919-09-ММ

·Жобалық сыйымдылығы:    1ауысымда 600 орындық.

·Жалпы ауданы:                                35313 м2

·Қызметтік құрылыс ауданы:          5442 м2 

·Лицензия:13008121

·Жылу жүйесі           автономиялық (көгілдір газға арналған пеш және резервтік жанар жағар май  пештері орнатылған)

·Оқушы саны:           746, оның ішінде ұлы-402, қызы-344 

(мектепалды даярлық тобы - 80 оқушы)

                                        1-4 сыныпта: 355,  ұлы-198, қызы-157)

                                        5-9 сыныпта: 342,   ұлы-187, қызы-155

                                        10-11 сыныпта: 49,  ұлы-17, қызы-32                                      

·Оқыту тілі :              қазақша

·Шет тілін оқыту :      ағылшын

·       Сынып саны :     33+4 (мектепалды даярлық тобы) 

·       Сынып толымдылығы:   25 оқушы             

·       Үйірме саны :                 13 (ақылы), 3 (ақысыз)

·       Мұғалім саны : 84 мұғалім, оның ішінде  13  мұғалім - жоғары санатты, 22 мұғалім - бірінші санатты, 31 мұғалім - екінші санатты, санаты жоқ – 18, жоғары білімді-81, арнаулы орта білімді-3; Жоғары және І санатты мұғалімдер - 42%.

·       Оқу режимі:  Екі ауысымдық

·       Оқу-материалдық базасы: 36 оқу бөлмесі, оның ішінде төлқұжаты бар – 25; 1 спортзал ; 2 шеберхана; 3 компьютерлік кабинет,  1 лингафондық кабинет,  1 мультимедиялық кабинет; 1 кітапхана, 1 психолог кабинеті, мәжіліс залы-1,

Жаңа модификациялык оқу сыныптары: химия - 1, биология-1,физика-1.

Гимназия сыныбы туралы

Байзақ ауданы әкімдігінің 27.09.2016 ж. кнгі №453 қаулысының негізінде «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сарыкемер орта мектебі» коммуналдық мекемесіның атауы «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сарыкемер мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзгертіліп, 2017-2018 оқу жылында қабылданған 1-2 сыныптар (оқушымен) гимназия сыныбы болып ашылды.

Гимназия сыныбы

Оқушы саны

Ұлы

Қызы

Сынып жетекшісі

1 А

24

12

12

Нахмедова Н.

1 Ә

22

14

8

Чингисбекова А.

1 Б

23

13

10

Сұлтекенова А.

1 В

21

12

9

Аубакирова А.

2 А

21

13

8

Рыспамбетова Л.

2 Ә

21

13

8

Жамалова А.

2 Б

21

13

8

Құрамысова Қ.

2 В

23

11

12

Көшкінбаева Ш. 


Мектеп кітапханасы

Мектеп кітапханасының жалпы қоры 20092. Оның ішінде 13191 дана оқулық, 1660 дана орыс және қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер, 425 дана әдістемелік құралдар, 512 дана бастауыш сыныптарына арналған брошюра және ертегілер-500 дана,  222 дана  электронды оқулықтар. 4036 дана дәптерлер бар. Оқушыға шаққандағы бір баланың кітап үлесі 26 кітап. Интернет желісіне қосылған 1, қолданыстағы 3 компьютері бар.


Мектептің компьютерлендірілуі

Барлығы 130 дана. Оның ішінде компьютерлер саны – 60, моноблоктар – 30, ноутбуктар – 40. 

Қазіргі заман талаптарына сай мектебімізде талшықты оптикалық кең жолақты интернет орнатылған. 19 Wi-Fi сымсыз қолжетімді нүктелері бар. Кең жолақты интернет жылдамдығы 10 Мбит/с қосылған. 

Электрондық пошта: baizak_shsarikemer@mail.ru

Мектеп сайты: sarykemer.kz

Facebook: Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясы 


Қазіргі білім беру технологияларын тиімді қолдану бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен мұғалімдер саны

Жалпы мұғалімдер саны -78.

  1. СТО (сын тұрғысынан ойлау) – 3
  2. АКТ (оқытудың ақпараттық  коммуникациялық технологиясы) – 19
  3.  «Үш өлшемді оқыту» технологиясы – 1
  4. Деңгейлік курс бағдарламасы бойынша -20
  5. Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша -5
  6. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша -2
  7. «Тәжірибедегі рефлексия» тренерлік курс  - 2
  8. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша – 30
  9. Үш тілді оқыту курсының «бастапқы» деңгейін бітірген -1 
  10. «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту e-leаrninq» - 11

    Тасымалданып оқытуды ұйымдастыру

    Оқушылар саны

    Елді мекен

    Арақашықтық

    Тасымалдаушы мекеме

    Көлік маркасы

    Көлік нөмірі

    Жүргізушінің аты-жөні

    Көліктің келіп-кету уақыты

    1

    23

    Үшбұлақ 

    станциясы

    7 км

    «Мерей-2002» ЖШС

    Паз

    Н

    726EVA

    Джайлаубаев Мурат

    7-30

    14-00





    Ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру
    Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы және көп балалы отбасы балаларына жеңілдетілген және тегін ыстық тамақты ұйымдастыру көзделген. 
    Осыған орай Сарыкемер мектеп-гимназиясында 2017-2018 оқу жылының І-жартысында мемлекеттік бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың жалпы саны 180 оқушы. 
    І-ауысымда -117 оқушы        ІІ-ауысымда – 63 оқушы. 
    Аудандық білім бөлімінің берілген бұйрық бойынша және аудан әкімдерінің бекітуімен әлеуметтік жағдайы төмен – 104 оқушы және 1 сыныптар - 76 оқушы, барлығы 180 оқушы 1 мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. 
    Әлеуметтік жағдайы төмен 104 оқушының әлеуметтік категорияларға жіктелуі: 
    А) Аз қамтылған отбасы – 102 оқушы
    Б) Қамқорлыққа алынған – 2 оқушы 
    Инклюзивті бағдарламамен оқытылатын оқушы – 5
    Мүмкіндігі шектеулі оқушы – 10.
Мектеп нышандарының тәрбиелік әсері

Мектеп эмблемасы

        Мектеп эмблемасы жартылай күн пішіндес келеді. Күн шұғылалары еркіндік пен Отансүйгіштікті білдіреді және оның ортасында жер шары мен телегей теңіз бар. Теңіз бетінде жүзіп келе жатқан кеме салынған. Кеме – ол біздің мектебіміз болса, телегей теңіз – терең білім. Сонымен қатар, жер шарының бетінде кітап орналасқан. Кітапта қазақ әліпбиінің басты әріптері жазылған және шеңбердің төменгі жағында ұлтымыздың қошқар мүйізі бейнеленген. Бұл өз ұлтымыздың рухани құндылықтар бастауы, бізге қалған аманат. Ал мектеп атауы жазылған қызыл түс ол біздің көшбасшылыққа ұмтылысымызды білдіреді. 

                               
                                     Мектеп әнұраны

                                                          Авторы: Қасқырбай Нарбатыр

Сарыкемер ауылым, тұған өлке төсінде,

Келеді еркін тәуелсіз елдің көшінде,

Осында менің сәулетті, сәнді мектебім

Сарыкемер деген егелік еткен есімге.

Қайырмасы:

Балғын көктемім, жарқын көк белім,

Өмірдегі ең алғашқы өткелім, 

Бойға нұр құйып,  оларға биік

Жетелейсің, алғысым сол көп менің, 

Сарыкемер мектебім!

Ұстаздар үлгі, оқушы үшін әрдайым,

Жеңеді сөзсіз кедергі сынның қандайын

Сарыкемер атты саялы алтын мектебім,

Салтанатпен тұр төсеумен күнге маңдайын


Мұғалімдердің форма үлгісі


Оқушылардың форма үлгісі



фильмы бесплатно
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі