Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Тілдердің үштұғырлығы

Тілдердің үштұғырлығы

06 ақпан 2018, Сейсенбі
1 480
0
Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет”- деп ерекше атап көрсеткен.Осыған орай Сарыкемер мектеп-гимназиясында оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету, өз ана тілі мен қатар ағылшын тілін қурметтеуге тәрбиелеу мақсатында ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен жоспарлы, айлық ашылу салтанаты болды.
Апталықтың ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсаты, іс-шаралар жоспарымен танысты. Мектеп оқушылары безендірілген дəлізде ағылшын тілінде əн салып, мəнерлеп оқу үлгісінде өнер көрсетіп, сыйлық алды. Фойеде үш тілде мұғалімдерді қарсы алып, үш тілде караокемен əн айтуды ұйымдастырып, ойын ойнатып, бірдей киім үлгісінде қарсы алып, ертеңгілік көңіл -күй сыйлаған ағылшын тілі пəн бірлестігіне шығармашылық табыс тілейміз!
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі