Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

15 желтоқсан 2017, Жұма
1 249
0
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Сарыкемер мектеп-гимназиясында тəлімгер Молдашева Нұржамал мен математика пəн мұғалімі Ишанкулова Кулипаның ұйымдастыруымен "Тəуелсіз ел ұландары" атты акция өткізілді. 10"А" сынып оқушылары мектеп директоры М.Ж.Наметқұловқа Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында сұрақ қойып марафонды бастады. Барлық сыныпты аралап алты бағыт бойынша түсінік беріп, қыран құс кейпіндегі шарды, ұлттық өнімді насихаттау, қолдау мақсатында дұрыс жауап берген оқушыға ҚАЗАҚСТАН тəттісін ұсынды. Сарыкемер мектеп-гимназиясының ұжымы қыран құстай биікке самғап, жетістікке жетуіне тілектес екенін білдіріп, еңбек жолында толағай табыс тіледі. Алдағы уақытта 10 сыныптан бастау алған іс -шара басқа сыныптармен де өз жалғасын табады.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі