Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Өнердің адам баласына берері көп. Әсіресе, кино мен музыканың орны ерек.

Өнердің адам баласына берері көп. Әсіресе, кино мен музыканың орны ерек.

13 қазан 2017, Жұма
951
0
Өнердің адам баласына берері көп. Әсіресе, кино мен музыканың орны ерек. Тәрбиелік маңызынан бөлек денсаулыққа да пайдасы бар. 
Италиялық ғалымдар үнемі классикалық музыка тыңдайтын адамдарға тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде әр тыңдаған сайын есте сақтау қабілеті 20 пайызға артатыны анықталған. Миды тынықтыратын, жүректі тыныштандыратын қасиеті де бар.
Қоңырау үнін Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" күйіне ауыстырып, он бес минуттық үзіліс кезінде классикалық əуендерді қойып, оқытушы мен оқушы жанын сергіту Сарыкемер мектеп-гимназиясының қалыпты жұмысының бірі.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына интернет желісін тиімді пайдаланып, тарихи, қызықты, жас ерекшелігіне сай киноларды көрсету үрдіске айналған.
Қазақ балалар əдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту мақсатында кітапханашы Ж.Ивжанованың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына балалар фильмі көрсетілді.
Бұл – сотқар бала туралы комедиялық фильм. Қазір ондай тентектерді «қиын бала» деп атайды. Өзіне күлкілі көрінгенімен, жолдастарына жақпайтын қылықтары үшін үлкен кісілерден үнемі ұрыс естіп жүрген бас кейіпкер кейде өзінен ересек жолдасының арқасында жайсыз оқиғаларға тап болады.

скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі