Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » “Ұстаздар күні” мерекесі

“Ұстаздар күні” мерекесі

03 қазан 2022, Дүйсенбі
158
0
Құрметті әріптестер!Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап, ұрпақ тәрбиелеу жолында толымды еңбек етіп жүргендеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтаймын! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деген ұлы Абай атамыздың сөзіне сай Сіздердің жас ұрпаққа білім ғана емес, санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнегелеріңіз өлшеусіз.Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір ұстаздың  шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады. Осы айтулы мереке қарсаңында Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен іскерліктеріңізді, кәсіби біліктіліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңізді жоғары бағалап, атап өткім келеді. Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Мақсаттарыңыз орындалып, биік жетістіктерге жете беріңіздер! Мереке құтты болсын! Ізгі тілекпен Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Есентаева Гүлмира Ауесбайқызы
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі