Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03

Тамақтандыру

19 қараша 2018, Дүйсенбі
728
0

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015жылғы №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар және тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» 2018-2019 оқу жылында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінен №493 Білім беру мекемелерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы бұйрығы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

            2018 жылдың 3 қыркүйегінен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы көмек алатын тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып, аудан әкімдерімен бекітілді.

2018-2019 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтары бекітілді. Мемлекеттік бюджет есебінен тегін берілетін ыстық тамақтың  жоспары дайындалып, ыстық тамақтың ас мәзірімен, кезекшілік кестесі бекітілді.

            Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл ыстық тамақтың бағасы 450 (төрт жүз елу) теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары (туу туралы куәлігі, мемлекеттен атаулы көмек алатыны жөнінде анықтама, неке қию куәлігі, өтініш, қол хат) жинақталды. 

1 сынып оқушылары 100 % ыстық тамақпен қамтылды. 1-11 сынып аралығынан мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған 63 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.Қамқоршылықтан 2 оқушы, 61 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.

1 ауысымды – 123 оқушы тамақтанса, ІІ ауысымда – 22 оқушы тамақтанады.

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылады.



скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі