"Жасөспірім және заң"
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясында "Жасөспірім және заң" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Байзақ АІІБ ЖПҚ аға инспекторы полиция майоры Амирханова Асем Мұрасқызы мен Байзақ АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Атыкай Айгерім Ерболатқызы құқықтық сауаттылық жөнінде дәріс оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Лекторлық топ мүшесі Ф. Қоштаева "Сен өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында баяндама оқып, мектеп психологы А. Қуатова тренинг өткізді.
Талқылау
Оқи отырыңыз:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.