Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясында Агенство праздник орталығының "Тазша баланың саяхаты" тақырыбында 1-4сынып оқушыларына қойылым көрсетілді.