Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

12 қаңтар 2018, Жұма
1 190
0
Елбасының əрбір жолдауын асыға күтетін ұстаздар үшін биылғы 10 қаңтар 2018 жылғы жолдауы маңызды міндеттерден тұрмақ. Осыған орай, Сарыкемер мектеп-гимназиясында "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауға байланысты, мектептің жобалық офисінде ұстаздармен жолдау жан-жақты талқыланып, дөңгелек үстел өткізілді. 
А.Эйнштейннің "Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар" демекші балаға білім берудің түрлі тəсілдерін дамыту, кəсіп таңдауға ерте жастан бейімдеу, əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін жас ұрпақ тəрбиесіне аса көңіл бөліп, қарқынды жұмыс істеу керек екендігі жөнінде мектеп басшысы М.Ж.Наметқұлов сөз етті.Əл-Фарабидің "Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нəрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым." Ендеше бала қызығушылығын ғылым ға бой алдырып, Елбасының жетінші міндетіндегі компьютерлерді, лабораторияларды жəне 3D -принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес - инкубаторларының желісін құрудың білім саласында да ерекше маңызы бар екені жөнінде А.С.Бесбаева тоқталып өтті.
Балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту жұмысын күшейту жоспарға алынды. Тұрысбекова Насихат "Адами капитал - жаңғыру негізі" бағыты бойынша мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, педагогтарды оқыту жəне олардың біліктілігін арттыру жолдары туралы айтып, түсіндірді.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі