23.12.2017ж. күні Сарыкемер мектеп-гимназиясында оқушылардың бос уақыттағы танымдық іс-əрекетін дамыту мақсатында, түрлі тақырыптық бағытта деректі фильмдер көрсетіліп, пікір алмасу сұхбаттары жүргізілді. Бұл іс- шаралар балалардың ой өрісін дамытумен қатар, деректі фильмдердегі ақпарат мазмұнын талдауға мүмкіндік туғызды. Мәселен, бастауыш сынып балалары "Əлемнің 7 кереметі", 10 сыныптар "Шерхан Мұртаза", 11 сыныптар "Қазақ хандығы" тақырыптарындағы фильмдерді көріп, əсерлі деректер арқылы ой бөлісті.скачать dle 12.1