Республикалық "Қауіпсіз мектеп" акциясы
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алып жатады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын "Жолда жүру ережесі" тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.Оқыс жағдайды алдын-алу мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясының құқық ісі жөніндегі орынбасары М.Қ.Манапбаев жəне мектеп инспекторы Р.Полатовпен бірлесіп, Республикалық "Қауіпсіз мектеп" акциясының жоспарына сəйкес, мектеп оқушыларына түсіндірме жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Ұшбұлақ станциясынан тасымал автобуспен білім алып жүрген оқушыларға, жолда жүру ережелері мектепішілік плакат байқауы, бейнефильм, "Жас жол инспекторы" тобының жұмыстары арқылы түсіндірілсе, жүргізушіге жол ережесін қатаң сақтауы ескертілген.Мектеп əкімшілігі əр оқушының, уақытылы автобусқа мініп үйге қайтуын қадағалауда.

Талқылау
Оқи отырыңыз:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.