Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Мектебімізде алғаш рет орыс тілі пəнінің білікті маманы-Абдықалықова Тоты Советқызы зейнетке шықты.

Мектебімізде алғаш рет орыс тілі пəнінің білікті маманы-Абдықалықова Тоты Советқызы зейнетке шықты.

06 қазан 2017, Жұма
875
0
Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі де, қызықты,
шым - шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар.
Сарыкемер орта мектебінің ашылғанына бес жыл толуда. Білім ордасының ашылып, Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы бастаған жас ұжымның үздіксіз жұмыс істеу қарқынымен Сарыкемер мектеп-гимназиясы статусына ие болды. Ұжымның еңбегі еленіп, "Табысты мектеп" мəртебесіне ие болып отыр. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! 
2017 жыл мектеп үшін ерекше, себебі екі түлегіміз Ерназаров Жанатбек, Нуруллаева Бақтыгүл алғашқы "Алтын белгі" иеленіп, ұстаздарының мəртебесін көтерді.
Мектебімізде алғаш рет орыс тілі пəнінің білікті маманы-Абдықалықова Тоты Советқызы зейнетке шықты. Кəсіподақ ұйымы мектеп ұжымымен бірлесіп, апайымызды мектепке шақырып, құттықтап, шағын сыйлық тарту етіп, жылы лебізін білдірді.
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі