Әкелер форумы
Әкелер форумыСарыкемер мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 31 қаңтар күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасына” сәйкес “Әкешім менің-мақтанышым” тақырыбында әкелер форумы ұйымдастырылды. Форумның мақсаты: жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу.Форум қонақтары: облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Салимбаев Исағали Бошқайұлы. Форумды мектеп ұстаздары Гульнара Саметовна мен Бибігүл Мухидинқызы "Бақытыңды балаңнан ізде" атты топтық жұмыс жүргізіп, арнайы әкелерге арналған бейнефильм көрсетілді. Одан әрі 9-10-сынып ұлдарының орындауында «Ер жеттім әке» тақырыбында хор, 10-сынып білім алушыларының орындауында “Әке туралы” монологімен жалғасты. Мектебіміздің ұстазы Салтанат Нүрпейісқызы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында тренинг өтті. Форумның соңы 5"А"-сынып оқушысы Қайратұлы Өркеннің күйі мен 11-сынып оқушысы Ибрагим Балнұрдың "Әкеге арнау" әнімен аяқталды. Форум қонақтары келген әкелерге арнап өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кеш соңын мектебіміздің директоры Қуатова Әсел Берікқызы қорытындылады. Жиналыс соңында әкелеріміз мектептің тыныс тіршілігімен танысып, мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп сұхбат берді.#әкелерфорумы0:11 / 2:580:00 / 2:13
Талқылау
Оқи отырыңыз:
20 қаңтар 2025, Дүйсенбі
"Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында қаңтар айы- "Заң және тәртіп" айы ретінде белгіленді.
14 қаңтар 2025, Сейсенбі
арыкемер мектеп-гимназиясында «Ата-аналарды педагогикалық» қолдау орталығы 1-4, 5-9, 10-11 сынып ата-аналарына арналған "Зейінді дамыту", "Жадыны дам
14 қаңтар 2025, Сейсенбі
«Спорттық отбасы» тақырыбында отбасылық спорттық эстафеталық ойындар сайысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.