Сарыкемер гимназия-тірек мектебінде балалардың тамақтан улануының алдын алу туралы 2025 жылдың 24 қарашасында бұйрық шығарылып, жұмыс тобы құрылды
ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңына сәйкес Сарыкемер гимназия-тірек мектебінде балалардың тамақтан улануының алдын алу туралы 2025 жылдың 24 қарашасында бұйрық шығарылып, жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Комиссия мүшелері мектеп маңында орналасқан «Маржан», «Жандос», «Алихан» дүкендерін 2 рет аралап, дүкен иелеріне балаларға қауіпті болып саналатын сатуға рұқсаты жоқ тағамдарды, соның ішінде шығу тегі күмәнді тағамдарды сатпау керектігі жөнінде, сондай-ақ сатылатын тағам өнімдерінің барлығында сапа сертификаты немесе өндірушіге қатысты тиісті құжаттардың болуы жөнінде ескертіп, танысым қохатын алды. Сондай-ақ мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына жиналыстар жасалып, дүкендерден жылдам дайын болатын фаст-фуд тағамдарын, шығу тегі күмәнді сатуға рұқсат қағазы жоқ өнімдерді сатып алуға және жеуге болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Талқылау
Оқи отырыңыз:
12 қаңтар 2026, Дүйсенбі
Сарыкемер гимназия-тірек мектебінде оқушыларға қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында бейнесабақпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
02 желтоқсан 2025, Сейсенбі
12.11.2025 жылы Сарыкемер гимназия тірек мектеп асханасында бракараж комиссиясы жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.



