Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » 6-сынып оқушыларына арналған «Кім боламын?» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.

6-сынып оқушыларына арналған «Кім боламын?» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.

22 қаңтар 2026, Бейсенбі
3
0
Сарыкемер гимназия-тірек мектебінде 13 қаңтар күні мектеп профориентатор мамандары А. Нұртаева мен Б. Дәулеткелдиевтің ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына арналған «Кім боламын?» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, олардың өзін-өзі тануына, қызығушылығы мен қабілетін бағалауына көмектесу және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау.
Кездесу барысында оқушыларға мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетіліп, әр мамандықтың қоғамдағы орны мен маңызы түсіндірілді. Оқушылар өздерінің болашақта кім болғысы келетінін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ «Мамандықтың бәрі жақсы» атты қабырға бұрышындағы суреттермен танысып, өз қызығушылықтарын білдірді.
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Осындай бағыт-бағдар беретін шаралар оқушылардың болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен мүмкіндік береді. ????скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі