«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ КӨҢІЛДІ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.
Сарыкемер мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде "ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ КӨҢІЛДІ" тақырыбында 0-11 сыныптар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді .Мақсаты: Балалардың көңілін көтеру – жаңа жылдық атмосфера сыйлау.Жаңа жыл – бұл қуаныш пен бақытқа толы сиқырлы уақыт! Бастауыш сынып оқушыларының мерекелік кештері оларға ертегі әлеміне саяхат жасап, шынайы бақыт сыйлады. Аяз ата мен ақшақар және ертегі кейіпкерлері оқушылардың өнерлерін тамашалап, қызықтады.Орта буын білім алушылары өз өнерлерін көрсетіп, кеш соңы биге ұласты.Жаңа жыл мерекесінің өтуіне атсалысқан ұйымдастырушы сынып жетекшілерге және белсене қатысқан барлық оқушыларымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! 






Талқылау
Оқи отырыңыз:

30 қараша 2017, Бейсенбі
"Елбасы күні-елдікке құрмет" тақырыбында патриоттық, мерекелік іс-шара өтті
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.