Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Қуатова Әсел Берікқызы

Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Қуатова Әсел Берікқызы

13 мам 2025, Сейсенбі
8
0
Құрметті ата-аналар!
Санаулы күндерден кейін мектебіміздің оқушылары үшін маңызды кезең — қорытынды емтихандар мен ҰБТ басталмақ. Бұл кезеңде сіздердің балаларыңыз үшін алаңдап, олардың жақсы нәтиже көрсетуін қалайтындарыңызды жақсы түсінеміз. Алайда, осы сәтте сіздерден бір маңызды нәрсені есте сақтауларыңызды сұраймыз. Емтихан тапсыратын оқушылардың арасында — математиканы терең білуді қажет етпейтін болашақ суретші де бар, тарих пен әдебиетсіз-ақ үлкен жетістікке жететін кәсіпкер де бар, химиясыз-ақ өз жолын табатын музыкант, физикадан гөрі дене дайындығын қажет ететін спортшы да бар. Балаңыз жоғары баға, балл алып жатса – бұл, әрине, қуаныш. Дегенмен, егер нәтиже көңілден шықпай жатса, баланың өз-өзіне деген сенімін жоғалтуына жол бермеңізші. Емтихан – бұл өмірлік бағалаудың жалғыз өлшемі емес екенін ұмытпаңыздар. Бұл — тек бір кезең, ал өмір — алда. Балаларыңыздың бойында үлкен әлеует, ерекше қабілет, өз жолы бар. Олар қандай баға алса да, сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз өзгермеуі тиіс. Сол қолдау арқылы олар болашақта өз орындарын тауып, биіктерді бағындырады. Біз барлық балалардың бірдей болуы міндет емес екенін түсінуіміз керек. Олардың әрқайсысы — ерекше. Мамандық пен өмірлік жол таңдауда заңгер мен банкир ғана емес, кез келген еңбек адамы бақытты бола алады.
Сіздердің түсіністіктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз!
Ізгі ниетпен, Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Қуатова Әсел Берікқызы
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі