Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » "Ұлы даланың Ұлы есімдері"

"Ұлы даланың Ұлы есімдері"

13 желтоқсан 2018, Бейсенбі
982
0
Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласының "Ұлы даланың Ұлы есімдері" тармағын жаңғырту, ақындардың поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, оқушылар ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыкемер мектеп-гимназиясында ҚР жазушылар Одағының мүшесі ақын Қасқырбай Нарбатыр, әнші, сазгер Сәрсенбек Бәкір ағамыз және Жамбыл облыстық филармонияның жас дарынды әншісі Әбдікерімов Әділет ағаймен кездесу өтті.
Алғашқы сөзді мектеп-гимназия директоры Г.А.Есентаева алып, келген қонақтарды оқушыларға таныстырып, өзінің ізгі тілегін білдірді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін нақышпен оқып, ән айтты.
Қасқырбай ақын жиналған көрерменге кең даладай дархан жүрегінен қыран қанатты, қылыштай қиып түсер алмас жаңа жырларын тарту етті. Оқушылар сұрақтарын қойып, өткенге ой жүгіртіп, әдемі сырласу болды.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі