«Ата-ана дауысы» кіші жобасы
«Ата-ана дауысы» кіші жобасы
Сарыкемер мектеп-гимназиясында «Ата-ана дауысы» кіші жобасы аясында 8 ә сыныбында ата-аналардың қатысуымен «Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жобаның мақсаты: 8-10 сынып оқушыларының жан-жақты дамуына ықпал ету, олардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыру және ынталандыру, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың тәрбиелік және білім беру үдерісіне ата-аналарды белсенді түрде тарту. Тәрбие сағаты барысында оқушылар сынып ата-аналарына сұрақтарың қойып, қауіпсіз интернет және оны пайдалану жөнінде қызықты әңгіме өрбітті. Қауіпсіз интернет – бұл интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану тәсілі. Қазіргі заманда интернет барлық салада маңызды рөл атқарады, алайда оның қауіпті жақтары да бар. Балалар мен жасөспірімдерді зиянды контенттен, кибербуллингтен және алаяқтардан қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтаудың ережелімен танысты. Мысалы, ата-аналар интернетке қолжетімділікті бақылап, қауіпсіздік бағдарламаларын қолдана алатынын түсінді. Қауіпсіз интернет ережелерін ұстану – біздің киберқоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір жолы. Сынып жетекшісі: Ахметова Салтанат

Талқылау
Оқи отырыңыз:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.