Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » "Елбасы жастарды қолдайды" тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді.

"Елбасы жастарды қолдайды" тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді.

03 ақпан 2019, Жексенбі
776
0
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! - деп, Мағжан жырлағандай, елбасымыз "Жастар біздің болашағымыз" деп сенім артып, жастарға қолдау көрсетіп, 2019 жылы Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай 02.02.19 жылы Байзақ ауданы Білім бөлімі және Сарыкемер мектеп - гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен "Елбасы жастарды қолдайды" тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирде аудан мектептерінің 8 - 11 сынып аралығынан 21 команда өзара сайысқа түсті. Турнирді Жамбыл Облыстық Еркін Пікір Жастар Орталығынан келген төрешілер төреліктерін көрсетіп, жеңімпаздарды анықтады. Пікірсайыстағы берілген тақырыптарды өз идеясымен қорғай біліп, нақты дәйектер мен дәлелдер келтіріп, оза шыққан Н.Ақшабаев мектебінен "Мориарти" командасы 1- дәрежелі диплом мен кубок иегері атанса, Түймекент мектебінен "Фемида" командасы 2 - дәрежелі, С.Абланов мектебінен "Мәдениент" командасы 3 - дәрежелі дипломдармен марапатталды.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі