Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » "Абайды білмек парыз ойлы жасқа"

"Абайды білмек парыз ойлы жасқа"

26 қазан 2019, Сенбі
1 158
0


Қазақ тарихы мен әдебиетінде даңқы Абай атамыздан асқан, Абайдай дара туған танымал кемде-кем. Өскелең ұрпаққа Абайдың даралығын- дарыту, ақындығын - үлгі ету, ұлылығын- ұлықтау мақсатында
Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ, орыс, ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Абайды білмек парыз ойлы жасқа" атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.Әдеби-сазды кешке Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға Сейітханқызы, Ақшабаев мектебінің директоры Сейдалиева Айсара Рашбайқызы, аудандық шығармашылық топтың мүшесі
Момынқұлова Зәуре Төлегенқызы,
Күдериева Бақыт Жақсылықызы және серіктес мектептердің ұстаздары қонаққа шақырылып, әдеби кештің куәсі болды. Кеш барысында Абай атамыздың әсем әні айтылып, ұстаздар мен оқушылар арасында челендж көрсетілді. Абай Құнанбайұлының озық өлеңдерін оқушыларымыз үш тілде жатқа оқыса, 11"Ә" сынып оқушылары тәрбиелік мәңі зор қойылым көрсетті. Сонымен қатар Онегиннің Татьянаға жазған хатын, мектебіміздің ұстаздары Сатыбалдиев Айбол мен Холбаева Раушан орындап шықты.
Кеш соңында серіктес мектептермен аудандық семинар өтті. Ұстаздар үш тілде берілген сабақтарға қатысып, өзара әдіс-тәсіл алмасты.скачать dle 12.1
Талқылау

Оқи отырыңыз:

Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі