Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » ТарМУ мен ТарМПУ-дің профессор-оқытушыларымен "Адами капитал-білім мен ғылымды дамытудың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

ТарМУ мен ТарМПУ-дің профессор-оқытушыларымен "Адами капитал-білім мен ғылымды дамытудың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19 қаңтар 2018, Жұма
1 103
0
Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде "Біз "білім, ғылым, инновациялар" үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз" деген болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысының жақында ғана жарияланған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауының аясында ТарМУ мен ТарМПУ-дің профессор-оқытушыларымен "Адами капитал-білім мен ғылымды дамытудың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты оқушылардың ғылымға, зерттеу жұмысына деген уәжін арттыру, зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы қалыптастыруды ұйымдастыру, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру арқылы интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Дөңгелек үстел барысында ф.ғ.д, профессор Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы, б.ғ.к, доцент Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы, ф.ғ.д, профессор Аладьина Лилия Алексеевна, б.ғ.к, доцент Аманова Кульзакира Сарсеналиевна, э.ғ.д, профессор Исакова Сара Абдрашитовна ф.ғ.магистрі Игиликова Гульмира Ильясовна сынды ғалымдарымыз ұстаздарымызбен, оқушыларымызбен сұхбаттасып, өзара пікір алмасты.скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі