Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Мектеп жанындағы лагерь

Мектеп жанындағы лагерь

01 маусым 2022, Сәрсенбі
147
0
Мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі  балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етеді,олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады. 1 маусым күні Сарыкемер мектеп-гимназиясында жазғы мектепішілік «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болды.  Ашылу салтанатына мектеп-гимназия директоры Есентаева Гүлмира Ауесбайқызы,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сеитимбетов Дархан және ата-аналар комитетінің төрайымы Сырғабаева Жанар қатысты. Есентаева Гүлмира өз сөзінде балаларды 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап,  жазғы демалыстарын жақсы өткізуіне, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы  өздері екендігін айтып өтті. Концерттік бағдарламада балалар ән айтып,би билеп өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында балаларға балмұздақтар таратылды.скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі