Ұлдар жиналысы
Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясында "Бозбала" ұлдар клубының жиналысы өткізілді. Мектеп инспекторы Атыкай Айгерім кешкі сағат 19:00 ден кейін көшеде шығуға болмайтынын, қоғамдық жерлерді ластамау, өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетпеу жөнінде дәріс оқыды. Алғашқы әсекери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Абдурасулов мектептің ішкі ережелерін қайталап, мектептің жалпы мүлкіне жауапкершілікпен қарауын сөз етті. Оқушылар бейнеролик көріп, өз ойларын ортаға салды.
Талқылау
Оқи отырыңыз:
30 қараша 2017, Бейсенбі
"Елбасы күні-елдікке құрмет" тақырыбында патриоттық, мерекелік іс-шара өтті
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.