"Мұғалім -мектептің жүрегі" атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді
"Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі"-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай Сарыкемер мектеп-гимназиясында "Мұғалім -мектептің жүрегі" атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді.
"Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым"- деп Александр Македонский айтпақшы, мектеп оқушылары өз өнерлерін, аяулы ұстаздарына тарту етті. Серкебекова Эльвирамен Ишанкулова Кулипаның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада: ұстазға тəн құрмет, қошемет,көңіл сергіту, мың бұралып билеген би,əсем əуен кештің сəнін кіргізді.Мектеп-гимназия директоры - Наметқұлов Мұхит құттықтау сөз сөйлеп; Ұстаздың жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі екенін, айтса, кəсіподақ жетекшісі - Пірімқұлова Гаухар ұстаз атаулының; мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл жан екендерін айтып, құттықтап жылы лебізін білдірді.

Талқылау
Оқи отырыңыз:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.