Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » «Математика, информатика сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»семинар

«Математика, информатика сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»семинар

05 ақпан 2025, Сәрсенбі
54
0
30.01.2025 ж. күні Сарыкемер мектеп-гимназиясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушыларының қатысуымен «Математика, информатика сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында  семинар-практикум өтізілді. Семинарға ауданның математика, информатика пән мұғалімдері қатысты.Семинар-практикумның мақсаты: математика және информатика пәнін оқытуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін қолдану технологиялары және авторлық бағдарлама мен ғылыми жоба жасау құрылымымен  таныстырып, педагогтардың кәсіби дамуын қолдау. Семинар мектеп-гимназия директоры А.Б.Қуатованың арнайы сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде семинар тақырыбының маңыздылығын атап өтті.  Семинардың теориялық бөлімінде мектеп-гимназия ұстаздары математика және информатика пәнін оқытуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін қолдану, 3D модельдеу технологияларын көрсетсе,  университеттен келген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.А.Ниетбаев пен PhD, доцент А.І.Чанбаева ғылыми жоба жасау, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш.Надырбекова мен аға оқытушы А.М.Дунбаева  авторлық бағдарлама жасау құрылымымен таныстырды.     Семинардың практикалық бөлімінде мектеп-гимназия ұстаздары математика және информатика пәндерінен сабақ көрсетті.Семинар соңында келген қонақтар семинарды жоғары дәрежеде бағалап, жақсы көңіл-күймен қайтты.



скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі