Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » "Тьюторлық онлайн мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген сабақтар

"Тьюторлық онлайн мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген сабақтар

11 ақпан 2025, Сейсенбі
11
0
Мақсатты мектептердің педагогтеріне қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру, олардың педагогикалық қызметінің нәтижелігін жетілдіру арқылы кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің бастамасымен бастау алған "Тьюторлық онлайн мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Сарыкемер мектеп - гимназиясында Ш.Уалиханов,Үлгілі орта мектебінің мұғалімдерінің  қатысуымен «Мұғалім  тәжірибесіндегі зерттеу»  тақырыбында 4 Б, В сыныптарында қазақ тілі  пәнінен,  мұғалімі Адилова А. жаратылыстану пәні мұғалімі  Қыдырбаева С, 5ә сыныбында қазақ тілі пәні мұғалімі Молдашева Н, ағылшын тілі пәні мұғалімі Удерген Р. «Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушының сөйлеу дағдысын жетілдіруге бола ма?» тақырыбында зерттеу сабақтарын өткізді. Семинар соңында мектеп үйлестірушілері С. Ахметова мен А. Чингисбекова мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу бойынша кері байланыс жасап, теориялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар жұмысы практика мен теорияны байланыстыра отырып өткізілді. Қатысушылар зерттеу сабағынан кейінгі талдау жұмыстарының барысын бақылап, зерттеу барысында бақылаушы мұғалімдердің толтыратын құжаттарының мазмұнымен танысты.



скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі