"Педагогикалық дуэт" кіші жобасы
Мақсатты мектептердің педагогтеріне қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру, олардың педагогикалық қызметінің нәтижелігін жетілдіру арқылы кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің бастамасымен бастау алған "Тьюторлық онлайн мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Сарыкемер мектеп-гимназиясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Педагогтер арасында өзара кәсіби тәжірибе алмасуға, тәлімгерлікті дамытуға бағытталған мектеп-гимназияның "Педагогикалық дуэт" кіші жобасы мақсатты мектептердің педагогтерімен де жүргізілуде. Тірек мектебі мен мақсатты мектептің педагогтерінен құрылған дуэттердің алғашқы дуэттік сабақтары 2025 жылдың 6-ақпанында бастауыш сыныптарда өткізілді. Мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі педагог-шебер Рыспанбетова Лаззат пен Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Каражанова Гүлдана 1"А" сыныбында ана тілі пәнінен дуэттік сабақ өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Талқылау
Оқи отырыңыз:

11 ақпан 2025, Сейсенбі
"Тьюторлық онлайн мектеп" жобасының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген сабақтар

15 қаңтар 2025, Сәрсенбі
"Ауылдық мектептерде оқыту процесін цифрландыру" тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.