Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » «Заң және тәртіп: білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбиенің тиімді тәжірибелері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

«Заң және тәртіп: білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбиенің тиімді тәжірибелері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

12 ақпан 2026, Бейсенбі
4
0
Байзақ ауданы Сарыкемер гимназия-тірек мектебінде «Заң және тәртіп: білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбиенің тиімді тәжірибелері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
    Семинар аясында «Жас сақшы» полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды. Ант қабылдау рәсіміне Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сақыбаев Еркін Игілікұлы және Байзақ ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қарымсаков Әділхан Айдарханұлы қатысып, оқушыларға арнайы сақшы куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
     «Жас сақшы» полиция сыныбы – өскелең ұрпақты құқықтық тәртіпке, заң талаптарын түсінуге, патриоттық сезімге тәрбиелеуге және полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған жоба. Жобаның негізгі мақсаты – оқушыларды заңды құрметтеуге және тәртіп сақтауға баулу.
     Семинар барысында «Жас сақшы: қауіпсіздік сабақтары» тақырыбында жасанды интеллект көмегімен дайындалған анимациялық мультфильмнің презентациясы ұсынылды. Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг, вандализм және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған сыныптан тыс ашық сабақтар өткізілді. Ата-аналармен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, сенім мен жеке шекараны құрметтеу мәселелері бойынша Open Talk форматында тренинг-сабақ ұйымдастырылды.
     Семинар соңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қосымша және жалпыға міндетті білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Керимбеков Мұхтар Амангелдіұлы қорытынды сөз сөйлеп, семинарды ұйымдастырушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі