Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Адам өмірінде бос уақыттың рөлі

Адам өмірінде бос уақыттың рөлі

12 ақпан 2018, Дүйсенбі
1 192
0
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан-жақты болуына арналады. Бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуда.Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі - сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады жəне жауапкершілігі арта түседі. Сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Сарыкемер мектеп-гимназиясында ортадан өзіндік орнын табатын тұлға тəрбиелеу, үш тілде жетік меңгерту, баланы жан-жақты дамыту мақсатында бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен айлық іс-шараның жабылуы өтті.
Айлық іс-шара барысында 1-4 сынып оқушылары "Туған жер" тақырыбында үш тілде өлең оқып, М.Мақатаевтың 87жылдығына орай көркем сөз байқауына, "Шешен тіл мен ұшқыр ой" интеллектуалды ойынына, "Үлгілі дəптер", "Таза күнделік" байқауларына қатысып, марапатталды.

скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі