Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Директор М.Ж.Наметқұловтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге "Мəңгілік ел" ұйымының өкілдері қонаққа келді

Директор М.Ж.Наметқұловтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге "Мəңгілік ел" ұйымының өкілдері қонаққа келді

15 желтоқсан 2017, Жұма
1 162
0
Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры М.Ж.Наметқұловтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге "Мəңгілік ел" ұйымының өкілдері қонаққа келді. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында алты бағыт бойынша дайындалған жоба аясында мектеп оқушыларына таныстыру жұмыстары жүргізілді. "Ұлттық сананы қалыптастырудағы ұлттық мектеп" жобасы бойынша мектеп директоры таныстырса, "Тағылымы мол туған өлке" тақырыбында тарих пəнінің мұғалімі Бесбаева Анар слайд арқылы көрсетіп, биология пəн мұғалімі Исокова Алтын "Жасыл мектеп" атты жобаны түсіндірді. "Қоғам таныған тұлғалар" атты жобамен педагог ұйымдастырушы Момышева Зайда, "Кітап əлемі" жобасы аясында кітапханашы Алимбосынова Перизат кітап əлеміне шолу жасады.скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі