Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » "Табысты менеджер - 2017" І Республикалық байқауы

"Табысты менеджер - 2017" І Республикалық байқауы

08 желтоқсан 2017, Жұма
1 403
0
Білім беру ұйымы басшыларының "Табысты менеджер - 2017" І Республикалық байқауының "Жалпы білім беретін мектептің табысты менеджері" номинациясы бойынша Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы əр өңірден жиналған ең мықты деген мектеп басшыларының арасынан жүлделі ІІ орын иеленіп, Жамбыл облысы, Байзақ ауданының мəртебесін көтерді. Құрметті Мұхит Жанұзақұлы! Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде баланың болашағын жарқындату мақсатында мектеп-гимназия басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған мектеп-гимназия ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі