Мектеп телофондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03

ҰБТ ата-аналар жадынамасы

09 сәуір 2018, Дүйсенбі
723
0

ҰБТ-ға дайындық кезіндегі оқушыға көрсетілетін психологиялық көмек түрлері:

  • ҰБТ тапсырудағы оқушының қызығушылығын анықтау (кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары);
  • ҰБТ-ға дайындық, оқу материалдарын тест алдында қайталау;
  • Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Релаксация жұмыстарын жүргізу;
  • ҰБТ алдындағы үрейленуді болдырмау;
  • Тест алдындағы мінез-құлқын бақылау, көмек беру.
  • Тест барысында пайда болатын мінез-құлық ерекшеліктері.
Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандық тарын қалайды. Қысқаша әрі мазмұнды түрдегі кеңестерді қалайтын ата-аналар үшін, қарапайым, есте қаларлық формула немесе үш «Қ» заңы жасалды.
Бірінші «Қ»: Жағдайды құрметтеңіздер.
Бұл құрметтеу қалай байқалуы тиіс? Орта мектепті тәмамдау кезіндегі аттестациялық сынақ ретіндегі ҰБТ-тің барлық оң және теріс жақтарын қабылдау керек. Пайдасыз теріске шығарудың, өнімсіз ашуланудың және басқа да теріс эмоциялардың орнына, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен жұмсауға тырысыңыздар!
ҰБТ сұрақтарында мектеп бағдарламасында жоқ, ешқандай сұрақтардың болмайтындығын әрбір ата-ананың естен шығармағандығы өте пайдалы! Яғни, бұл дегеніміз тестке жыл бойы дайындалып, жақсы бағалар алған кез-келген оқушы оны орындай алады деген сөз.
Екінші «Қ»: Баланы құрметтеңіздер.
Бұл дегеніміз не? Бұл яғни, ата-аналар өз баласын кемсітпей, керісінше оның өз-өзіне деген бағасын арттырып, оның өзінің күші мен қабілетіне деген сенімін нығайту. Асыра мақтаудан қорықпау керек! Асыра мінеп-сынаудан қауіптену керек!
Үшінші «Қ»: Қамқоршыл болуға тырысыңыздар.
Бұл дегеніміз не? Біздің барлығымыз қазіргі заманғы ата-аналардың тым жұмысбасты екендігін білеміз. Осыған қарамастан, жасөспірімнің көңіл-күйінің және мінез-құлқының барлық өзгешеліктерін уақытылы байқау ҚАЖЕТ, бала ағзасының физикалық және психологиялық ресурстарының шамадан тыс жүктемесінсіз, ауыртпалықтарды жеңе білуіне көмектесу керек.
Баланың көңіл-күйіне мұқият болған айрықша маңызды. Баланың шаршауына байланысты оның жағдайының төмендегенін ата-анадан басқа кім уақытылы байқап, алдын ала алады? Психологтар, дәрігерлер мен ұстаздар баланың денсаулығына қамқорлық жасап, әр ата-ана ұстануы тиіс, өте маңызды ережелерді жасады.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: Тек ата-ана ғана баланың режимін бақылап, бала ағзасына шамадан тыс күш түспеуіне жол бермеуі тиім.
Көптеген балалар ҰБТ дайындалу кезеңінде «асыра саналылық» танытып, күндіз де, түнде де дайындалады.Әдеттегі күн тәртібін, дағдылы гигиена ережелерін бұзады. Мұндай шектен тысқарылықты ынталандырмау керек. Шамадан тыс күш жұмсау, жасөспірімнің денсаулығына зиянды.

ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналарға баланың дайындалуына үйдегілердің (әпке-қарындастары, аға-інілері, ата-әжелері) кедергі келтірмеуі үшін, сабақ оқуға арналған ыңғайлы орын ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Жасөспірімді бос әңгімегеге, бірлесіп сериал көру мен осы сияқты міндетті емес әрекеттерге тартып алаңдатуға болмайды.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар баланың тамақтануына айрықша назар аударуы тиіс: қарқынды ақыл-ой күші уақытында оған құнарлы, әр түрлі тағамдар мен теңгерімделген дәрумендер кешені керек. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кепкен өрік сияқты өнімдер бас миының жұмысын ынталандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.

ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: Сабақ пен демалыспен кезектестірілмеген кезде қатты шаршау, қалжырау орын алады. Ата-аналар әдеттегі 40-45 минут (мектептегі сабақтың ұзақтығы) сабақтан кейін, әдеттегі 10 минуттан кем емес үзіліс жасау керек екендігін айтып отырулары тиіс. Осы үзіліс ішінде жеңіл-желпі тамақтанып, терезеден сыртқы табиғат көрінісіне қарап, шағын жаттығу жасап немесе душқа (себезгі) түсіп алуға болады.

БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Емтихан қарсаңында баланың «қадалып» дайындалу (егер мұндай болатын болса) әрекетінің алдын алу керек. Білімді «өңдеп шығуға» жетпейтін әйгілі «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде қиял. Сондықтан емтихан алдындағы түнде ата-аналар баланы тыныштандырып, ұйқысы қанатындай етіп, оған толыққанды демалуын қамтамасыз етулері керек.

АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:

Баланың ата-анасының эмоционалдық көңіл-күйін мұқият аңғарып, сезінетіндігін ұмытпау керек. Егер ересектер өзін-өзі ұстай алмай, қобалжу мен үрей тудыратын болса, онда балаға ата-анасының осындай құрылымсыз көңіл-күйі «жұғып», ең жауапты сәтте эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін.

ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар өздерінің талаптары мен балаларының мүмкіндіктерінің қаншалықты арақатыстылығы туралы ойланулары тиіс. Баланы оның мүмкіндігі үшін қол жетімсіз шыңды «алуға» бағыттамау керек. Одан да балаға жоғары баға алу мүмкіндігі бар пәндерді анықтауға көмектесіңіз.

СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы істегеніне назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды.

Ата-аналар өз балаларының-орта мектеп түлектерінің ҰБТ дайындалу мен тапсыру кезеңінде қалай қолдауы тиіс екендігі мәселесінің талқылуына қайта оралайық.

АТА-АНАЛАР ҚОЛДАУЫНЫҢ БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Бір кездері америкалық «Кип смайлинг» (аудармасы «күлкіні ұстаңыздар!») ұраны кекесін туғызған еді. Бірақ қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!

ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.

Ата-ана қолдауының ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.

Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!

Ата-ана қолдауының ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!».

скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі