Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » «Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

12 ақпан 2026, Бейсенбі
3
0
10 ақпан халықаралық қауіпсіз интернет күніне орай мектебімізде оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, цифрлық мәдениетті арттыру, кибербуллингтің алдын алу және жеке мәліметтердің қорғалу жолдарын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаттары:
• оқушыларға интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсінік беру;
• интернетті қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
• цифрлық мәдениетті және ақпараттық сауаттылықты арттыру;
• жеке деректердің құпиялығын сақтау жолдарын түсіндіру;
• кибербуллингтің алдын алу және оған қарсы әрекет ету тәсілдерін үйрету;
• жалған ақпаратты ажырата білуге дағдыландыру;
• интернет желісін пайдалы әрі тиімді қолдануға бағыт беру.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға интернет қауіпсіздігіне қатысты ақпараттар ұсынылып, бейнероликтер көрсетілді, жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауап және пікірталас жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара нәтижесінде оқушылардың интернетті саналы әрі қауіпсіз пайдалану туралы білімдері кеңейіп, ақпараттық мәдениеті артты.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі