Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Жарқын болашақ иесі - жас маман" тренинг

Жарқын болашақ иесі - жас маман" тренинг

15 қазан 2018, Дүйсенбі
1 204
0
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында мектеп-гимназия психологтары А.С.Қуатова мен Ә.Ж.Бисмақова "Жарқын болашақ иесі - жас маман" тақырыбында тренинг өткізді. "Мұғалім болу ... " жаттығуы мұғалім болудағы мақсаты мен бұл мамандықты не үшін таңдағандары туралы өз ойларын айтты. "Келісу керек" ойын-жаттығуы жүргізілді. Онда логикалық ойлау арқылы кез-келген жерден шыға білу, яғни ым-ишара арқылы бірін-бірі түсіну, жест, мимика арқылы вербалды емес қарым-қатынас орнату. Жас мамандарға ситуациялық жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы "Сұрақ менен, жауап сізден" атты ойын-жаттығу жүргізілді. Жұмысты жаңадан бастаған жас мамандарды қате қадамнан сақтандыру мақсатында психологиялық кеңестер айтылды және жас мамандарға жауапты жетекші тарих пәнінің мұғалімі Бесбаева Анар Сауытбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңестер берді. Тренинг "Жүректен-жүрекке" жаттығуымен аяқталды. Қатысушылар бір-бірлеріне өз тілектерін айтты.
скачать dle 12.1
Талқылау

Оқи отырыңыз:

Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі