Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » М.Қ.Манапбаев Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директор орынбасары Дүйсебаева Жазира ханыммен бірлесіп, 0-4сынып оқушыларына "Алтын жұмыртқа" ертегі қойылымы қойылды

М.Қ.Манапбаев Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директор орынбасары Дүйсебаева Жазира ханыммен бірлесіп, 0-4сынып оқушыларына "Алтын жұмыртқа" ертегі қойылымы қойылды

14 қазан 2017, Сенбі
943
0
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. 
Сарыкемер мектеп-гимназиясының директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары М.Қ.Манапбаев Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директор орынбасары Дүйсебаева Жазира ханыммен бірлесіп, 0-4сынып оқушыларына "Алтын жұмыртқа" ертегі қойылымы қойылды. Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында көрсетілген қойылым оқушыларға шынайы қуаныш сыйлады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері 10 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін кез-келген жұмысты бастауыш сынып оқушыларынан бастау керек. Бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.

скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі