Мектеп телефондары:
+7 (72637) 4-00-01
+7 (72637) 4-00-03
» » Мерекеңмен Сарыкемер мектебім-ай, Балалығым сол мектепте қалып кетті, - деп Асем оқушымыз өз өлең жолдарын өз парақшасында жолдапты.

Мерекеңмен Сарыкемер мектебім-ай, Балалығым сол мектепте қалып кетті, - деп Асем оқушымыз өз өлең жолдарын өз парақшасында жолдапты.

29 қыркүйек 2017, Жұма
1 052
0
Бүгінгі күн құты болсын, Асыл жандар!Бір қуанып,ал кейде тасынғандар.
Қадірін біл ішіп жатқан бұлағыңның,
Оқушылар Асыл жанды басынбаңдар!
Бұндай жандар кездеспейді енді саған,
Түсімде шақырады кел деп,маған.
Қоштасқалы мектебіммен,бір қызығы,
Ұстаздардың мейіріміне шөлдеп қалғам.
Сағынамын "мені оқытқан ұстаздар" деп,
Олар маған баға берген "құштар жан" деп.
Мақтай бергім келмейді мен өзімді,
Мен қателік жасаған тұстар да көп.
Жаза бергім келеді,шабыт та көп,
Тек ол емес əр түрлі бағыт та көп.
Тоқтатайын осымен ,неге десең
Өлең түгіл,шəй ішуге уақыт та жоқ.
Қалай кетті Раушан əпки ұйқастарым,
Білемін жақсы дейсіз ұйқастарың.
Өлеңімнің ұйқастары ұйқасқанмен,
Астананың суығымен ұйқаспадым.
Сезіп тұрмын,тақырыптан ауып кетті,
Дегенменен Əсем жолын тауып кетті,
Мерекеңмен Сарыкемер мектебім-ай,
Балалығым сол мектепте қалып кетті.
____________________________
Автор:Пірімқұлова Əсем
Құрметті Сарыкемер орта мектебінің ұстаздары,Мерекелеріңіз құтты болсын.????????????.
Суретті өзім түсіргенмін,өздеріңізді тауып алыңыздар????.Бірақ одан бері 5-6 жыл өтті-ау.Зымыраған уақыт...Кейбір мұғалімдер жоқ,олардың орнын жаңа мұғалімдер алмастыруда.
скачать dle 12.1
Талқылау
Пікір білдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Гости,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұстаздар
Мектеп әкімшілігі